• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:45

Кирилл Герасименко әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті

30 рет
көрсетілді

Қатар астанасы Дохада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жаһан біріншілігінде ел намысын қоғап жатқан Кирилл Герасименко 1/16 финалына жолдама алды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы жапониялық Хирото Шинозукаға қарсы бақ сынады. Тартысты бәсекеде 4:2 есебі тіркеліп, отандасымыз жеңіске жетті. 

Енді Кирилл Герасименко 1/16 финалда Тунис спортшысы Вассим Эссид пен бразилиялық Уго Кальдерано арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.