Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 510,78 теңгені құрады. Осылайша 1, 21 теңгеге өсті, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық банктің кешегі күнге бекіткен ресми бағамы – 509,51 теңге. Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 512, 91 теңгеден, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде 514, 58 теңгеден сатылуда.
Естеріңізде болса, АҚШ валютасы 14 мамырда 3,63 теңгеге, 15 мамырда 4,06 теңгеге өсіп, 16 мамырда 1 теңгеге түскен еді.