• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 08:45

Мұстахара

60 рет
көрсетілді

Тараз қаласындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының қорында ықылым заманның көзіндей болған жәдігерлер жеткілікті. Олардың едәуір бөлігі көне Тараз аумағында бірнеше жыл бойы жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде табылған. Жүз жылдықтардан сыр шертетін жәдігерлер – өңір тарихының жылнамасы іспетті.

Музейдің қор сақтаушысы Айгүл Өмірбекованың айтуынша, 2011–2017 жылдар аралығында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде көптеген құндылық қолға түскен. Олардың ішінде ортағасырлық мәдениетке тиесілі жәдігерлер де бар. Табылған заттардың басым бөлігі қыштан жасалған көрінеді.

«Біздің музейде әр дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігерлер аз емес. Көшпелілердің өмір салтын көзге елестететін құндылықтар да сол қазба жұмысы кезінде табылған болатын. Олардың қатарында сусын құюға арналған мұстахара бар. Жалпы, көшпелілер әуелі ыдыс-аяқты тек теріден, ағаштан жасағанын байқау қиын емес. Сондай-ақ қыштан жасалған ыдыстар да бар.

Мына мұстахара – торсықтың бір түрі. Саз балшықпен жасалып, ақ ангобпен жабылған. Бір қарағанда, бейнесі киіз үйдің пішінін еске салады. Жоғары жағындағы ою-өрнекке зер салып қараған адам толқынның бейнесін көреді. Соған қарап-ақ бұл ыдыстың сусын құюға арналғанын аңғару қиын емес», дейді А. Өмірбекова.

Ортағасырлық мәдениеттің көзіндей болған жәдігер торсықтың бір түрі ретінде пайдаланылған. Атқа қонған азаматтар дәл осы мұстахарадан сусын ішіп, шөл басқаны талас тудырмаса керек.

 

Тараз

Соңғы жаңалықтар