• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Қаратауда «Қаратау қызғалдақтары» атты шығармашылық байқау өтті

60 рет
көрсетілді

2025 жылдың 6 мамыр күні Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы «Хантағы – Кемпіртас» соқпағында VII аймақтық «Қаратау қызғалдақтары» атты шығармашылық сурет байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы аясында өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Байқауға Кентау балалар көркемсурет мектебі мен ЮНЕСКО клубының 40-тан астам оқушысы қатысқан. Жас суретшілер табиғаттың әсем көріністерін қылқалам арқылы бейнелеп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін өнер тілімен жеткізуге тырысқан.

Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа туған өлкенің табиғи байлықтарын құрметтеуді үйрету және оларды қоршаған ортаны қорғауға баулу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар балалардың экологиялық мәдениетін арттыруға және табиғатты сүю сезімін тереңдетуге жол ашады.

Айта кетейік, әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Соның ішінде 35 түрі Қазақстан аумағында өседі. Оның 18 түрі еліміздің Қызыл кітабына енген. Қаратау таулары – осындай сирек кездесетін, ерекше өсімдіктердің мекені.