• RUB:
    6.35
  • USD:
    514.5
  • EUR:
    582.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

БҚО-да әскери шерудің тікелей көрсетілімі өтті

70 рет
көрсетілді

Бүгін Орал қаласындағы «Жайық Арена» спорт кешенінде Астанада ұйымдастырылған Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шерудің тікелей эфир көрсетілімі өтті. Бұл шараға 1200-ге жуық қала тұрғыны жиналып, еліміздің басты алаңында өткен тарихи сәтке куә болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрсетілім алдында жергілікті өнерпаздар – DDRECORDS тобы арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге патриоттық әндер арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әндер мен өнер көрсетілімдері Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, елге қызмет етудің маңызын дәріптеген.

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық сана мен рухты қалыптастыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастардың ел қорғаны болуға деген ынтасын арттырады.

Айта кетейік, Отан қорғаушылар күні – Қазақстанның Тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғап жүрген ерлердің ерлігіне тағзым ететін ерекше күн. Астанадан тікелей көрсетілген әскери шеру бұл мерекенің мәні мен маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.