Қазақстандағы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше ел азаматтарына берілген кредиттер саны өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
2025 жылғы наурызда қазақстандықтарға берілген кредиттер саны 1,3% -ға ұлғайып, 21,4 млн теңгені құраған. Мұндай өсім тұтынушылық қарыздардың 1,9% -ға, 14,4 трлн теңгеге дейін ұлғаюымен түсіндіріледі.
Наурызда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлеменің 19,1% -дан 20,4% -ға дейін артуына байланысты 19,7% -ға дейін өскен (2025 жылғы ақпанда - 18,6%).
Банктердің несие қоржынының сапасы жоғары болып қалып отыр. 1 сәуірге кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі шамалы ұлғайып, 3,4% құрады. Ақпан айында бұл көрсеткіш 3,3% болды.
Халықтың несиелері бойынша NPL90 + қарыздарының үлесі 4,2% немесе 894 млрд теңгені, бизнес несиелері бойынша 2,3% немесе 338 млрд теңгені құрады. Мерзімі өткен берешегі 90 күннен астам кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 67,1% құрады, бұл ретте 1 қаңтардағы көрсеткіш 67,0% болды.
Сондай-ақ, агенттікте банктердің таза пайдасы өскенін атап өтті. 2025 жылғы қаңтар-наурыз аралығындағы кезеңде банктердің таза пайдасы 664 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6% -ға артық.