• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 21:28

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды

10 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының орталығында 1500-ге жуық кәсіпкерді, сарапшыларды және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктірген «ALTAY BUSINESS» форумы өтті. Ауқымды іс-шара өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған жаңа бастамалар мен нақты шешімдерді талқылауға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форумды ШҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұйымдастырды. Шараға тек бизнес өкілдері ғана емес, өз хоббиін креативті индустрияға айналдырған, басқа өңірлерден келген хедлайнерлер де шақырылды. Бұл форумның мазмұнын кеңейтіп, тәжірибе алмасу алаңына айналуына мүмкіндік берді.

Форум аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірлік кәсіпорындардың өнімдері ұсынылған көрмемен танысты. Аймақ басшысы өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, ШҚО-ның ел дамуындағы маңызды орнын атап өтті.

«Шығыс Қазақстан – әлеуеті жоғары өңір. Бүгінде мұнда елдегі өнеркәсіп өндірісінің шамамен 6% қалыптасты, инвестиция көлемі 838 млрд теңгеден асады, ал шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 24,4%-ды құрайды. Облыста 58 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, онда 157 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл – экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың негізі», деді облыс әкімі.

Өңір басшысы қазіргі кезеңде тек пікір алмасу жеткіліксіз екенін, нақты шешімдер қабылдап, бірлескен әрекетке көшу қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай форумдардың басты мақсаты – жаңа идеяларды қолдау және оларды іске асыруға жағдай жасау.

ШҚО-да депутат қаржы жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр

Форум барысында кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнесті қолдау, компаниялардың өсуі, агробизнес, аквамәдениет, ара шаруашылығы, креативті индустрия, IT саласы, туризмді дамыту, экспортты ұлғайту және жаңа нарықтарға шығу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар қатысушылар әкімшілік кедергілерді азайту, жобаларды іске қосу рәсімдерін жеделдету және бизнесті өңір ішінде де, сыртында да кеңейту жолдарын талқылады. Бұл ретте негізгі басымдықтардың бірі ретінде «бір терезе» қағидатын енгізу мәселесі көтерілді. Аталған жүйе кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау мен қызметтерді бір орталықтан, артық бюрократиясыз және уақыт жоғалтпай алуына мүмкіндік береді.

Форум қорытындысында облыс әкімі сөз сөйлеп, өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған нақты іс-қимыл тетіктері айқындалғанын атап өтті. «ALTAY BUSINESS» алаңы Шығыс Қазақстан үшін жаңа экономикалық серпін беретін маңызды диалог платформасы ретінде бағаланды.

ШҚО-да үш жұмысшы кәріз құдығында газбен уланып қалған

Соңғы жаңалықтар