Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 474,08 теңгені құрап, 2,63 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазір Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 473,42 теңгені, ал сату бағамы 475,65 теңгені құрап отыр.
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Ал Астана қаласында долларды орта есеппен 469,03 теңгеден сатып алып, 476,03 теңгеден сатып жатыр.
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Ал Ұлттық банк 15 сәуірге белгілеген ресми бағам 476,97 теңге деңгейінде сақталды.