Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-7 мамыр күндері Қазақстанға Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы То Лам мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы қазақ-вьетнам ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. 7 мамыр күні Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадты тамашалайды.