Астанада 20 жастағы студент Айсәуле Қанаханың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Қыздың денесі 1 сәуір күні Есіл жағасынан басына пакет кигізілген күйде табылған. Туыстары оның өлімі кибералаяқтардың психологиялық қысымымен байланысты болуы мүмкін деп есептейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Newtimes.kz мәліметінше, Айсәуле «Шабыт» университетінде графикалық дизайн мамандығында оқыған. Отбасының айтуынша, өлерінің алдында ол өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырған «Калашников Д.Н.» есімді адаммен хат алмасқан. Әлгі адам қызды «дроппер» болды деп қорқытып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтқан.
31 наурызда Айсәуле таксимен сауда орталығына барып, алаяқтарға шамамен 1,1 млн теңге аударған. Таксиге де сол адам тапсырыс бергені айтылды. Сол түні ол WhatsApp арқылы ұзақ сөйлескен.
Келесі күні таңертең ата-анасы банк шотынан ақша жоғалғанын байқап, қызымен сөйлеспек болған. Алайда Айсәуле ақшаны кімге жібергенін айтпай, көп ұзамай үйден сырт киімсіз шығып кеткен. Кейін оның денесі өзен маңынан табылды.
Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты
Отбасы бұл істе күмәнді жайттар көп екенін айтады. Әкесінің сөзінше, мәйіттен бас жарақаты байқалғанымен, ол сараптама қорытындысына енгізілмеген. Сондай-ақ, пакет бос байланғандықтан, тұншығу себебі күмән тудырады дейді.
Ата-анасы тергеудің баяу жүргеніне наразы. Олар қыздың телефонындағы хаттар уақытында тексерілмегенін, Айсәулеге бірнеше кибералаяқ қысым көрсеткенін айтады. Хаттардан қыздың бақылауда болғаны байқалған.
Қазір отбасы «кибералаяқтық» пен «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» баптары бойынша қозғалған екі істі біріктіруді талап етіп отыр. Олар Айсәуленің өлімі мен кибералаяқтардың әрекеті тікелей байланысты деп санайды.
Пәкістанда пойызда жарылыс болып, 24 адам қаза тапты