«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Астанада Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полицейлері күдіктіні ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
Жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істейтін таныстары бар екенін айтып, бірнеше адамды сендірген, сөйтіп, «тұрғын үй алуға көмектесемін» деп алдап, жәбірленушілердің жалпы сомасы 15 миллион теңгесін заңсыз иемденген күдікті ұсталып отыр.
Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Соған ұқсайтындай үш қылмыс эпизоды анықталған. Ұсталған 34 жастағы әйелдің бұрын сотталғаны белгілі болды.