Кейінгі кезде адамдар жасанды интеллектпен тек хат алмасып қана қоймай, оған эмоционалды түрде байланып барады.
АҚШ психологтерінің айтуынша, чат-боттармен жиі сөйлесетіндер оларды шын қамқор, түсінігі мол, идеал серіктес деп қабылдайды. Себебі ЖИ ешқашан ренжітпейді, қарсы сөйлемейді, керісінше әр кез қолдап отырады. Ғалымдар мұндай «махаббаттың» шынайы қарым-қатынасқа кері әсер ететінін ескертеді. Сондықтан адам мен технология арасындағы шекараны нақтылап, қауіпсіздік стандарттарын бекіту қажет.