• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Сәуір, 2025

Шетелдікке шабуыл жасаған адам өмір бойына сотталуы мүмкін

0 рет
көрсетілді

Меркідегі жанармай құю бекетінде шетелдік мотоциклшіге жасалған шабуылға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жәбірленушінің адвокаты қылмыстық істің бабына өзгеріс енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мотоциклшінің адвокаты Зәкір Асадовтың айтуынша, оның қорғаушысы тәулік бойы тәртіп сақшыларының қорғауында. Қылмыстық іс Меркі аудандық полиция бөлімінен Жамбыл облысы полиция департаментінің тергеу бөліміне берілді.

Оның мәліметінше, іс бұдан да ауыр бап бойынша қайта сараланған.

«Қылмыстық іс 293-баптың 3-бөлігінен «бұзақылық» 99-баптың 2-бөлімі 9-тармаққа 24-бапты қолдана отырып, яғни «бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу» деп қайта сараланды», деді Асадов.

Қылмыстық бап бойынша кінәсі дәлелденсе, шабуылдаушы 15 жылдан 20 жылға дейін немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, қылмыс 13 сәуірде болды. Сол күні белгісіз біреу Меркідегі жанармай құю бекетінде шетелдік мотоциклшіге пышақпен шабуыл жасаған. Жәбірленушінің адвокаты ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке видеоүндеу жолдады.

Закир Асадовтың айтуынша, шабуыл жасады деген күдіктінің туыстары оның қорғауындағы азаматқа қысым көрсетіп, арыздан бас тартуға көндіріп жатыр.