Премьер-министр Олжас Бектенов CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен кездесті. Кездесуде ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.
Сондай-ақ ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолдарын реконструкциялау, Сaspi Bitum жол битумын өндіру зауытын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
Премьер-министр құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, өзара тиімді байланысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Өз кезегінде CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп секторындағы қарым-қатынасты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.