• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамауға алынды

10 рет
көрсетілді

Алматыда актер Асқар Жұмабек ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Полиция аталған іске байланысты тексеру жүргізіп, әкімшілік шара қолданды. 

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адамның агрессивті әрекеті бейнеленген видеоға байланысты Алматы қалалық полиция департаменті Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізген. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, күдікті полиция бөліміне жеткізілген.

«Азамат А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оның қызды қорқытып, балағат сөздер айтып, ашық агрессия мен құрметсіздік танытқаны анықталды. Іс материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзу, агрессия көрсету және айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту әрекеттеріне заң аясында тиісті баға берілетінін атап өтті.

Айта кетейік, Асқар Жұмабек түсірілімге басталуына бірнеше минут қалғанда келген. Алайда қыздың айтуынша, ол бірден ерте қоңырау шалғаны үшін наразылық білдіре бастаған. Жанжал тез арада агрессияға ұласқан.

«Ол сағат 9:55-те келіп, мені «тым ерте» ояттың, қоңырау шалдың деп бірден ашулы түрде кінә таға бастады. Мен «Бастамаңызшы, Асқар, ұйықтап қалып қоя ма деп қорықтым, бірінші рет емес қой» деп жауап бердім. Осы сөзім оны қатты ашуландырды, сөзден сөз шығып, жағдай физикалық күш көрсетуге дейін жетті. Бұл адамның іскерлік этикасы жоқ, командадағы кез келген адам оның ашуланшақтығын, орынсыз реакцияларын, айқайын, есік тарсылдатуын және боғауыз сөздерін растай алады. Мені қорғайтын ер азаматтар болмады. Маған шынымен қорқынышты болды», деп жазды қыз әлеуметтік желіде.

Өз кезегінде актер де үнсіз қалмай, әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, ол агрессивті әрекеті үшін қыздан кешірім сұраған және шынымен де «ашуға берілгенін» мойындаған. Сондай-ақ ол қызға шабуыл жасауды көздемегенін, тек ашу үстінде заттары бар чемоданды теуіп жібергенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар