• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Сәуір, 2025

Мемлекеттік тіл және цифрлық бастамалар

0 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Іс-шараға Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік орган­дардың басшылары, сондай-ақ тіл білімі саласындағы жетекші ғалым­дар мен сарапшылар қатысты.

Отырыс барысында 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын іске асыру­дың негізгі бағыттары талқыланды. Әсіресе, мемлекеттік тілдің ұлт бірегейлігінің іргетасы және дамудың стратегиялық ресурсы ретіндегі рөлін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек тіл саясаты­ның тұжырымдамалық міндет­терін іске асыру барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, қазақ тілін ғы­лым тілі ретінде дамыту, білім беру әдістемелерін жетілдіру және мем­лекеттік тілдегі сапалы контенттің санын арттыру мәселелері қозғалды.

Цифрлық бастамаларды енгізу жұмыстарына: қазақ тіліндегі KazLLM жасанды интеллектті әзірлеу, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған экран дикторын жасау, сондай-ақ «Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры» мемлекеттік ақ­параттық жүйесін іске қосуға баса назар аударылды.

Отырыс қорытындысында ко­мис­сияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Ермек Көшербаев алдағы жұмыстың басым бағыттарын атап өтіп, тілдік ортаны жүйелі жаңғыртуға, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны бейімдеуге күш салуды тапсырды.

Қабылданған шараларды іске асыру ұлттың тілдік капиталын нығайтуға және қазақ тілінің жаңа технологиялық жағдайда орнықты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.