• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 11 Сәуір, 2025

Гауһар тастар көрмесі

34 рет
көрсетілді

Әбу Дабиде жалпы құны 100 миллион долларды құрайтын асыл тастардың бірегей көрмесі өтті. Іс-шараны әлемге әйгілі «Sotheby’s» аукцион үйі ұйымдастырды.

Көрменің басты экспонаты — таби­ғатта сирек кездесетін «Жерорталық көк тас» атты гауһар. Оның салмағы 10 карат. Асыл тас келесі айда Женевада бәс­саудаға шығарылады. Бастапқы бағасы 20 миллион доллар деп белгіленді. Ұйым­дастырушылар көрмені Әбу Дабиде өткізудің өзіндік себебі бар екенін айтады. Себебі мегаполисте қымбат асыл тастарға деген сұраныс өте жоғары.