• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау 10 Сәуір, 2025

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа басшы тағайындалды

234 рет
көрсетілді

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен зауыттың бас директоры қызметін Қуаныш Бишімов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қуаныш Ердәулетұлы әр жылдары кеден органдарында, Экономика және сауда, Индустрия және сауда министрліктерінде, Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв»РМК-да жұмыс істеді. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.Осыған дейін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры болды.«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес «АМӨЗ» ЖШС бұрынғы бас директоры Жусанбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.