• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы 08 Сәуір, 2025

Жұмыс ұсынатын жәрмеңке

38 рет
көрсетілді

Қонаев қаласында Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Керуен» іс-шарасы ұйымдастырылып, «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті. Іс-шара барысында халыққа 20 ме­кеме 350-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды.

«Мансап» орталығының директоры Ернұр Абдалиевтің айтуын­ша, қазірде облыс орта­лы­ғында іс жүргізуші, экономист, есепші, IT мамандары, зауыттарда оператор мамандары тапшы. «Жыл соңына дейін қалада уақытша жұмыс орындарымен 956 адамды, тұрақты жұмыспен 980 адамды қамту жос­­парланып отыр. Бұдан бөлек, биыл «Жастар практикасы», «Ал­ғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», «Қоғамдық жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары да жалғасын табады. Бүгінде 457 адам жұмыссыз ретінде тір­кел­ген», деді орталық директоры.

Іс-шара барысында көпсалалы колледждің мұғалімдері жоғары сынып оқушыларына техника­лық мамандықтар жөнінде ақпарат беріп, шеберлік сағаттарын өткізді. Қазір колледжде тамақ­тандыруды ұйымдастыру, дә­не­­­­керлеу ісі, токарьлық іс, авто­мобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, тағам өндірісінің технологиясы, есептеу техникасы және ақпарат­тық желілер сынды 7 мамандық оқы­тылады. Білім алушылардың саны – 462. Былтырғы түлектердің 76%-ы жұмысқа орналасқан.

Іс-шараның ашылуына қала әкімі Асхат Бердіханов қатысып, Жұмысшы мамандықтары жы­лы­ның маңыздылығына тоқ­тал­ды. HR мамандары жас­тар­­­ға ақыл-кеңестерін айтып, тәжі­ри­­бе­лерімен бөлісті. Сондай-ақ «Отбасы банк» АҚ өкілдері «Нау­рыз жұмыскер» тұрғын үй бағ­дар­ламасы туралы ақпарат берді.

 

Алматы облысы