• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Медицина 07 Сәуір, 2025

Ұлытау облысында алғаш рет бүйрекке пышақсыз ота жасалды

90 рет
көрсетілді

Жезқазған медициналық орталығының базасында шеберлік сыныбы аясында өткен лапароскопиялық нефрэктомия, яғни пышақсыз операцияға PhD, Астана қаласындағы көпсалалы медицина орталығы директорының орынбасары, Қазақстанның онкоурологтар қоғамының төрағасы Талғат Құрманов жетекшілік етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лапароскопиялық әдіс дәстүрлі операциямен салыстырғанда анағұрлым заманауи және аз инвазивті. Осыған дейін Ұлытау облысында мұндай хирургиялық араласу ұзындығы 30 сантиметрлік тілік арқылы жасалатын. Бұл науқастардың қалыпты өмірге оралуы мен операциядан кейінгі айығуын қиындата түсетін. Ал, тіліксіз әдіс пациенттерге операциядан соң 1-2 сағат ішінде аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік береді.

Операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен, яғни ақысыз жүргізілді. Терминалдық гидронефроз (бүйректің жарамсыздығы) диагнозы бойынша есепте тұрған екі науқас та МӘМС жүйесінде сақтандырылған.

Айбат Байжантаев 50 жаста, оған жұмыс берушісі ай сайын МӘМС төлемдерін аударса, сәтбаевтық Любовь Пахарокова – зейнеткер ретінде жеңілдік санатында.

Бұл операция Ұлытау облысында алғаш рет жүргізілгенін атап өту маңызды. Бұрын мұндай араласуды жүзеге асыру үшін пациенттер басқа қалаларға баруға мәжбүр болатын, бұл айтарлықтай қолайсыздықтар тудыратыны белгілі. Алайда, бүгінгі тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген шеберлік сыныбынан кейін Жезқазған урологтары мұндай операцияларды өз бетінше жасай бермек.

Жалпы 2025 жылдың басынан медициналық орталықтың урология бөлімінде МӘМС шеңберінде 100 науқасқа ота жасалды.