Бұрын ғылымда музыка ырғағын сезіну адамға ғана тән қасиет деп есептеліп келген. Алайда 2011 жылы зерттеушілер назарына «Snowball» есімді тотықұс ілінді.
Ғалымдар арнайы зерттеу жүргізіп, 1000-нан астам бейнежазбаларды сараптап шыққан. Соның нәтижесінде ырғаққа сай қозғала алатын тағы 14 тотықұс анықталды. Бұл құстар әуеннің жылдамдығына қарай өз қимылдарын өзгертіп отырған. Ал маймылдарда, сондай-ақ мысықтар мен иттерде мұндай қабілет байқалмаған. Осылайша, бұл зерттеу музыкалық ырғақ пен қозғалыс байланысының тотықұсқа да тән екенін көрсетті.