• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 27 Наурыз, 2025

Бетховеннің түйсігі

36 рет
көрсетілді

Әуеніне әлем тамсанған ұлы композитор Людвиг ван Бетховен 27 жасында есту қабілетін жоғалтқан. Бірақ ол соған қарамастан музыка жазуды жалғастыра беріпті.

Таңғаларлығы, сазгер әйгілі «Тоғы­зыншы симфониясын» толық саңырау күйінде жазып шыққан. Шығарма алғаш орындалған кеште өзі де залда болады, бірақ ол оркестрге қарап тұрғандықтан, көрермен қошеметін ести алмайды. Сонда жүрегі елжіреген бір музыкант Бетховенді көрермен жаққа бұрып, халықтың тік тұрып, ұзақ қол соғып жатқанын көрсетеді. Сол сәтте Бетховен жұртшылықтың ыстық ықыласын көріп, көзіне жас алған екен.