• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Наурыз, 2025

Мың құсқа ұя жасады

60 рет
көрсетілді

Алматы облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында халықаралық құстар күніне орай экологиялық акция өтті. Оған сту­дент­тер мен мектеп оқу­шылары белсене атсалысып, өңір экожүйесін қор­ғауға өз үлестерін қосты. Соның бірі Қонаев қала­сының көпсалалы коллед­жінің базасында ұйымдас­тырылды.

Табиғи ресурс­тар және табиғатты пайда­лануды реттеу басқар­ма­­сына қарасты орман шаруашы­лық­тарының қолдауымен колледж сту­денттері өз қолдарымен 1 000 құсқа ұя жасап, оларды білім беру мекемелерінің аумағына оқу­шылармен бірге орнатты. Осы­лайша, құстарға жаңа әрі қауіпсіз ұя салатын орындар жасалды.

«Taza Like» акциясы бір ай бойы жалғасып, Алматы облысының 9 ауданын қамтитын болады. Акцияның басты мақ­саты – табиғатқа ұқып­ты қарау­ды насихаттау, экологиялық мәде­­ниетті дамыту, қоршаған ортаға жауап­кершілікпен қарауға тәрбиелеу.

«Қоршаған ортаны қорғау, құстарға жана­шырлық жасау сынды экологиялық сана балалық шақтан қалыптасады, таби­ғатқа қамқорлық – болашаққа жасал­ған инвестиция», дейді акцияны ұйым­дастырушылар.

 

Алматы облысы