• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Наурыз, 2025

Түркияда жер сілкінді

56 рет
көрсетілді

Түркияның оңтүстік-шығысында 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер дүмпуінің эпицентрі Ирактың Эрбил қаласы маңындағы 7 шақырым тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00-де болған зілзала ауылдық аймақтағы бірнеше ғимараттың қирауына және зақымдануына әкелген. Абырой болғанда, жарақат алғандар мен қаза тапқандар тіркелмеген.

Қауіпсіздік мақсатында тұрғындар түнді ашық алаңдар мен мешіттерде өткізген. Қазіргі уақытта арнайы қызметтер қираған үйлер мен ғимараттарды тексеріп, шығын көлемін есептеп жатыр.