• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Таным 27 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Темірдей тәртіптен туған шабыт

131 рет
көрсетілді

Ерекше шығармалар көңілді түрт­пек­теп, жүректі қозғаған шабыттан туса керек. Алайда ол қайдан, қалай келетінін дөп басып айта алмаймыз. Әр шығармашылық адамы өзінше түйсінеді. Әркімнің шабыт шақыратын өз тәсілі бар. Мәселен, Харуки Мураками өнімді жазу үшін тәр­тіпті жөн санаған.

Жазушы күн сайын таңғы төртте тұрып, 10 км жүгірген не 1, 5 км жүзген. Кей­де екеуіне де үлгеретін. Тәнін шың­дап, жанын қуаттаған әсерден соң бес-алты сағат жұмыс істеген. Одан кейін күні ­бойы кітап оқып, ертерек ұйқыға жатқан. Осы режімді ұстаған жазушы «Мен әсер­лену үшін өз-өзімді таңғалдыратын іспен ­айналысамын», дейді.