• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Кітапхана 25 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Біртүрлі кітапхана

53 рет
көрсетілді

Данияда ерекше кітапхана бар. Ерекшелігі сол, ондағы сөрелерде ешқандай да кітап жоқ. Бірақ сөйлесіп отырған адам көп. Олар­дың бәрі құр әңгімелесіп отыр деп ойлап қалмаңыз, «кітап» оқып отыр.

Қысқасы, бұл – 2000 жылы құрылған орталық. Мұнда әртүрлі тақырыпта сөйлейтін, өмір тарихы бай бірнеше адам отырады. Кітапханаға келген «оқырмандар» солардың біреуін таңдап, 30 минут шүйіркелеседі. Арасында әңгімесін үзіп, сұрақ қоюға да болады. Аталған жоба осы күні қарқын алып, әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қанат жайды. Расымен, әрбір адам – бір кітап. Сол кітапты мұқабасы мен жарнамасына қарап әсте бағалауға болмайды.

 

Соңғы жаңалықтар