• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Ақпан, 2025

Грекияның Санторини аралында жер сілкінді

120 рет
көрсетілді

Грекияның Санторини аралында екі күнде 200-ден аса жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті үкімет сейсмикалық белсенділіктің артуы себепті билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр. Мектептер уақытша жабылды. Қонақүйлерде бассейндердің ішін суға толтыруға тыйым салынған. Тұрғындар мен демалушыларға кемежайдан аулақ жүруге кеңес берілді.

Әзірге зардап шекендер тіркелген жоқ.

Айта кетейік, Санторини – Грекияның туристер арасындағы танымал орны. Жыл сайын мұнда 3 миллионан аса адам саяхаттап келеді.