• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қылмыс 30 Қаңтар, 2025

Дропперлер тобы әшкереленді

77 рет
көрсетілді

Алматы облысының полицейлері ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл депар­таменті мен өңір прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жолмен алын­ған ақшаны криптовалютаға аудару­мен айналысқан ұйымдасқан дропперлер тобының қызметін тоқтатты.

Тергеу барысында 20-дан аса алаяқтық схеманың қатысушысы анықталды. Олардың арасында дроптар, дроп-жетекшілер, кураторлар және менеджерлер бар.

«Әрбір қатысушы 5-7 банктік шотты пайдаланып, әрбір транзакциядан 1%-дан 3%-ға дейін сыйақы алып отырған. Жаңа дроптарды жинау Telegram-арналары арқылы жүзеге асырылған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 8 млн теңгеден аса сомадағы қаржы қозғалысы тоқтатылып, схеманың ұйымдастырушысына тиесілі ай сайынғы айналымы 100 млн теңгеден асатын криптокошелёк анықталды. Қазіргі уақытта банктерден қаржы операциялары туралы ақпарат алу үшін санкцияланған сұраныс хаттар жолданды. Анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылып жатыр», деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жеті адам, оның ішінде үш куратор, бір менеджер және үш дроппер ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға, банктік шоттарды тіркеу немесе бейтаныс адамдардан қаржылық операцияларға қатысу туралы күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырады.

«Мұндай әрекеттер алаяқтық схемаларға қатысу ретінде қарастырылып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Егер сіз осындай қызметтің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз», деп ескертеді полиция өкілдері.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар