• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қаңтар, 2025

Қарағандылық спортшы 75 жасында әлем чемпионатына қатыспақшы

250 рет
көрсетілді

Дәрібай Оспанов – пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы. Енді жетпіс бес жастағы спортшы Норвегияда өтетін әлем чемпионатында бақ сынамақшы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақсақал Қарағанды облысы, Шет ауданының Ақадыр атты шағын кентінде тұрады. Пауэрлифтингпен 19 жыл бұрын, 56 жасында айналыса бастаған.

«Жас кезімде спорттан қол үзген кезім болған емес. Волейбол ойнадым. 1-разрядқа жеттім. Тенниспен де айналыстым. Самбомен де шұғылдандым. Бірақ олардың бәрі жай ғана көңіл серпілтер нәрсе еді. Ал кәсіби спортқа, оның ішінде пауэрлифтинге 56 жаста келдім», дейді Дәрібай Оспанов.

Соңғы жаңалықтар