• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Желтоқсан, 2024

Қауіпсіздік іс-шаралары күшейтіледі

73 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ТЖМ, ІІМ және әкімдіктердің алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығын тексерді.

Желтоқсанда өрт қауіп­сіз­дігі айлығы басталды. Төтенше жағдайлар министр­лігі алғашқы аптаның ішінде елді мекендердегі 2,5 мың­нан астам үйді қамтитын профилактикалық рейдтер өткізді. Пештер мен электр жүйелері тексеріледі. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ере­желері түсіндіріледі. Ішкі істер министрлігімен бір­лесіп, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 670 мобильді топ құрылып, пиротехниканы сақтау және тарату орындарында 78 рейдтік іс-шара өткізілді. Рұқсат етілмеген сауда жасаған 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елге пиротехникалық өнімдерді заңсыз әкелу факті­­лерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген жұмыс режіміне көшті.

«Ойын-сауық және адамдар көп жиналатын орындарды алдын ала тексеру қажет. Өрт сөндіру құралдарынсыз бұқаралық іс-шаралар өткізуге рұқсат бер­меу қажет. Адамдарды шұғыл эвакуациялау бойынша қызметкерлермен оқу-жаттығуларын өткізу керек. Сауда және ойын-сауық орталықтары, театр­лар мен спорт кешендерінің паркингтеріне газ жабдықтары бар автокөліктердің кіруіне жол бермеуге ерекше назар ауда­ру қажет. Біз төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауымыз керек», деп тапсырды Қ.Бозымбаев.

Вице-премьер Оқу-ағарту министрлігі мен өңір әкім­діктеріне қысқы демалыс және жаңа жылдық мерекелер кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын лайықты ұйымдастыру тапсырды. Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен хабардар етуі керек.