• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Ауа райы 09 Желтоқсан, 2024

Қар жауып, боран соғады: 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

141 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, аптаның басында Солтүстік циклон жырасына байланысты республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, боран соғады.

Елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Түнде елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, Қазақстанның орталығында, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстік облыстарда аяз болады.