• RUB:
    6.3
  • USD:
    509.51
  • EUR:
    570.6
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Қараша, 2024

Астанадағы Сығанақ көшесі келесі күзге дейін жабық болады

128 рет
көрсетілді

ЛРТ жаяу жүргіншілер өткелдерін салу үшін Астанадағы Сығанақ көшесінің учаскелері 2025 жылдың қыркүйегіне дейін жабылады, деп жазады Egemen.kz.

LRT жобасының №№ 112–118 станцияларында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірлер салу үшін қадалау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін мына учаскелерде қозғалыс толығымен шектеледі:

Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі Сығанақ көшесінің бөлігінде;

Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне қарай оң жақтағы Түркістан көшесі бағытына шығатын жолда.

City Transportation System астаналықтарға сапарларын алдын ала жоспарлауға кеңес берді және келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады