• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Технология 02 Мамыр, 2024

Керек дерек

37 рет
көрсетілді

Енді «Яндекс» қосымшасында қазақ тілінде дауыстап сұрақ қоюға болады. Смартфонда ­дауыстап сұрақ қою мәтін теруден гөрі ыңғайлы.

Қарым-қатынас тілін алдын ала таңдаудың қажеті жоқ. «Яндекс» тіпті орыс және қазақ тілдерін араластырып айтса да түсінеді. Ол үшін тек қолданбаның іздеу жолағындағы микрофон белгішесін басу керек. Дыбыстық сұрауларды тану үшін «Яндекс» қазақ тіліне бейімделген «SpeechKit» технология­сын қолданады. Яғни дауыс мәтінге аударылады, содан кейін іздеуге жіберіледі. Нәтижесінде, қолданушы сұрақты қолмен жазғандай жауап алады. Қазақ тіліндегі сұрау салулар бойынша қолданушылар мемлекеттік тілдегі деректерді ғана емес, сонымен қатар ағылшын, орыс тіліндегі ақпараттардың да аударылған нұсқасын көреді.

«Біз қазақ тіліндегі іздеу жұ­мыстарын жос­парлы түр­де жасап, әлі де дамыта тү­семіз. Бұл мүм­кіндік желі қол­да­ну­шыларына ың­ғайлы және қазақ тілінің дамуына ықпал етеді», дейді Қазақстандағы қосым­ша­ның аға менеджері Алмаз Сәденов.

Статистикаға сүйенсек, елі­мізде нау­рыз айында 12 млн-нан астам адам «Яндекс» қосым­шасын қолданған. Бұдан былай оның қазақша жазып, қазақша түсінетіні – жақсы жаңалық. Бірақ мәселе – оның қалай сөйлейтінінде. Егер желі қолданушылары мемлекеттік тілде көбірек әрі сапалы сұрақтар қойса, қосымшаның да қазақшасы дами түспек.