• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Өнер 02 Мамыр, 2024

Димаш Құдайберген 30 жылдық мерейтойы қарсаңында сұхбат берді

150 рет
көрсетілді

Танымал әнші Димаш Құдайберген түрік басылымына шағын сұхбат бергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Айта кетсек, сұхбат әншінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. 

«Ыстамбұлда өтетін 30 жылдық мерейтойлық үлкен жеке концертім қарсаңында түрік теледидары үшін шағын эксклюзивті сұхбат бердім. Толық сұхбатты менің YouTube арнамнан көре аласыздар», деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Сұхбатта әнші өзінің мансабы қалай басталғанын, түрлі байқауларға қатысып, артынша шетелде, дәлірек айтқанда Қытайдағы «I'm a Singer» жобасында бағын сынағаны туралы айтып берді.