• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Сәуір, 2024

Петропавлда Бірлік күні тазалықтан басталады

111 рет
көрсетілді

Петропавл тұрғындары биыл Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту кезінде ән мен биден бас тартып, мерекені ерекше форматта атап өтуді жөн көрді. Мереке қарсаңында облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл қаласы әкімдігінің хабарлауынша, өңірде енгізілген төтенше жағдай мен су тасқынына байланысты облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл - Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы.

Қала тұрғындары бірігіп, 1 мамырда «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында еңбек пен тазалықты дәріптейді. Сондай-ақ әкімдік қала тұрғындарын өз аулаларын тазалауға шақырды. Сонымен қатар су басқан аймақтарды да тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетсек, Петропавлда тасқын судың беті қайтып, Есіл өзенінің су деңгейі төмендеп жатыр. Сергеев су қоймасындағы су деңгейі 89 см-ге төмендесе, Петропавлда 19 см-ге түсті.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті