Ақтөбеде алаяқтар мекемелердің атын жамылып, ер адамнан 5 миллион теңгеден астам қаржы ұрлаған. Бұл туралы өңірлік Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
51 жастағы ер адамға қоңырау шалушы өзін «Энергосбыт» қызметкері ретінде таныстырып, есептегіш құралды ауыстыру сылтауымен азаматтан 1414 нөмірінен келген SMS-кодты айтуды сұраған. Ер адам кодты бергеннен кейін көп ұзамай тағы бір қоңырау түскен.
Банк басшысының бейнесін қолданған: Желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Бұл жолы алаяқ өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтың атына несие рәсімделіп жатқанын хабарлаған. Ақшаны сақтау үшін шұғыл түрде несие рәсімдеп, қаражатты «қауіпсіз шотқа» аудару қажет екені айтылған.
Осы нұсқауларға сенген тұрғын банкке барып, өз атына несие рәсімдеп, алынған 5 090 000 теңгені белгісіз шотқа аударған.
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.