• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Жануарлар 18 Сәуір, 2024

Төртаяқты көмекші Жайықта бөгет салу жұмыстарына қатысып жүр

87 рет
көрсетілді

Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға белсенді жәрдемдесіп жүрген ит әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Tengrinews.kz иттің иесін тауып, әңгімеге тартқан. Төртаяқты көмекшінің аты – Пшөн, осы желтоқсанда үш жасқа толады. Иттің жанашырлығына тәнті болған жергілікті тұрғындар желіге видео жүктеген.

Пшөн Жайық жағасында бөгет құрылысы басталғалы бері қап тасу жұмыстарына араласып, зардап шеккендерді қолдап жүр.

«Пшөн – біздің адал досымыз. Оны мұндағылардың бәрі біледі және мақтан тұтады», дейді желі қолданушылары.