• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Медицина 02 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Шұғыл психологиялық көмек сипатындағы 43 қоңырау түскен

88 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының бір аптадағы статистикасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен аптада Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқыны қаупі бар аймақтардан эвакуацияланған 736 азаматқа, оның ішінде 263 балаға көмек көрсеткен. 29 азаматқа, оның ішінде 2 балаға медициналық жәрдем берілген.

Аталған орталықтың психологтары зардап шеккендерге шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілік жүргізеді. «Жедел желі» телефонына 717 қоңырау түскен, олардың 674 – і ақпараттық мазмұнда болса, 43-і шұғыл психологиялық көмек сұрау тұрғысында болған.