• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Сәуір, 2024

Ресейде ірі машина жасау зауыты өртеніп жатыр

186 рет
көрсетілді

Ресейдегі ең ірі «Уралмашзавод» машина жасау кәсіпорнында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, лак-бояу материалдарын сақтайтын қоймадан өрт шыққан. 

«Өрт аумағы қазірдің өзінде 800 шаршы метрге жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, лак-бояу қоймасы өртенді. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түскен жоқ», деп жазады 112 Telegram арнасы.

«Уралмашзавод» (бұрынғы Урал ауыр машина жасау зауыты, УЗТМ) — Екатеринбургтегі машина жасау кәсіпорны. 

Зауыт 1933 жылы пайдалануға берілген еді.