• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Тағайындау 28 Наурыз, 2024

Қарағанды ​​облысының жаңа полиция басшысы тағайындалды

83 рет
көрсетілді

Нығмет Исмағұлов Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық полицияның жаңа басшысын Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Нығмет Исмағұлов ішкі істер органдарында 1995 жылдың маусымынан бері қызмет етіп келеді. Түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Соңғы лауазымы Қостанай облысы ІІД бастығының орынбасары болды.

Сонымен қатар «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.