• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Наурыз, 2024

Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

100 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік корпорация Наурыз мейрамына орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары наурыздың 21-і мен 25-і аралығында жұмыс істемейтінін мәлімдеді. 

«25 наурыз күні кезекшілер түскі сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызметін жалғастырады», делінген хабарламада.

Дәлірек айтқанда, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, ал кезекшілер жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.