• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 18 Наурыз, 2024

Дәуреннің шамасы жетпеді

98 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden Theater аренасында кәсіпқой бокстан ірі дода өтті.

Жарыстың басты жекпе-жегінде ирла­ниялық Каллус Уолш (9-0, 7 КО) пен қазақ­тың ұлы Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10 КО) күш сынасты. Осы спорт түрінің басы-қасында жүргендер 23 жастағы Корк қаласының тумасын «Жаңа GGG» деп атап жатыр. Оны әйгілі Фрадди Роуч баптаса, промоутері – Том Леффлер. Кезінде бұл мамандар ұзақ уақыт бойы біздің Геннадий Головкинмен жұмыс істеген. Америкадағы айқас Уолштың айқын жеңісімен аяқталды. 37 жастағы Елеусінов біраз қарсылық көр­сет­кеніне қарамастан жастың аты жас қой. Ирлан­дияның өкілі қандасымызға көп соқ­қы­ дарытты. 11-раундта бәсеке тоқтатылды.

Сөйтіп, Каллум Уолш бірінші орта сал­мақтағы WBC Continental Americas нұсқа­сының алтын белбеуін иеленді. Ал Дәурен қатарынан екінші кездесуінде жеңіліс тапты.