• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2024

«Құны 10 миллион теңге». Полиция қызметкерлері үнді марихуанасын тәркіледі

63 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында құны 10 млн теңгені құрайтын үнді марихуанасы тәркіленді. «Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының 50 жасар тұрғыны есірткі заттарын сақтағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде қора мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектесті. Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған. Жалпы салмағы 4 келі 604 грамм кептірілген үнді марихуанасы тәркіленді», делінген ақпаратта.

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев күдікті қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.