• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Ақпан, 2024

Мәди Такиев Мәжіліс депутаты қызметінен кетті

93 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мәди Тәкиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды. Өткен аптада ол жаңартылған Үкімет құрамында Қаржы министрі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.