• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Қаңтар, 2024

Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады

96 рет
көрсетілді

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан теннисшісі кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазір рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық, 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишковамен кездесті.

Бірінші партияда Каролина брейк жасап, 2:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды.

Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Рыбакина қатарынан бес допты өзіне жазды — 7:6 (8:6).

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте отандасымыз брейкпен алға озды— 2:1. Алдағы уақытта да өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ — 6:4.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.