• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Білім 08 Желтоқсан, 2023

Астанада екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқитын болды

120 рет
көрсетілді

Ауа райының күрт суытуына байланысты бүгін екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz білім басқармасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 8 желтоқсан күні ауа температурасы 29 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

«Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлаған едік.