• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Желтоқсан, 2023

Түркістан облысында жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды

516 рет
көрсетілді

Жергілікті полиция Түркістан облысында ойнап жүріп жоғалып кеткен баланың мәйіті септиктен табылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

3 желтоқсан күні іздестіру жұмыстарынан кейін көрші үйдің маңындағы септиктен 4 жасар баланың денесі табылған.

Баланың денесіне сот-медициналық сараптама жүргізілген, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.