• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Желтоқсан, 2023

Түркістан облысында лауазымды тұлғалар алаяқтық бойынша қамауға алынды

343 рет
көрсетілді

Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби ауданы әкімдігінің  Жер қатынастар бөлімінің басшысы арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз иеленіп келгенін анықтады. Аса ірі мөлшерде алаяқтықпен иеленген жер учаскелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды, деп жазады Egemen.kz Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атап айтқанда, қылмыстық іс бойынша ауданның Жер қатынастар бөлімінің басшысы, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн теңгені құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін заңсыз рәсімдеу бойынша күдікке ілінді.

Түркістан облысының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы күдікті тұлғаларды уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі таңда аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», делінген хабарламада.