• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Медицина 06 Қараша, 2023

Ауылға барып жұмыс істейтін жас дәрігерлер 9 млн теңге алады

383 рет
көрсетілді

1 қаңтардан бастап ауылға барып, жұмыс істейтін жас дәрігерлерге берілетін үстемақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Жас дәрігерлерге 9 млн теңгеге дейін қаржы беріледі. Берілетін қаражат 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінен 2500-ге дейін көтеріледі. Яғни, бұған дейін жас дәрігерлер 5 млн теңге төңірегінде үстемақы алса, енді қаражат көлемі 9 млн теңгеге дейін өсті.

Айта кетейік, аталған үстемақы жас мамандардың баспаналы болуына, жалпы әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.