• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Президент 03 Қараша, 2023

Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлік сыйлады

410 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.